Өскеменде биыл 92 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады
шартты сурет
2022 жылы Өскемен қаласы бойынша 70,5 млрд. теңгенің 113 инфрақұрылымдық жобасы іске асырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның ішінде ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулері барысында алынған 2,6 млрд. теңге болатын тұрғындардың 48 мәселесі шешілді (ТҮКШ – 1 363,9 млн. теңгенің 27, білім беру – 260,9 млн. теңгенің 3, ауыл шаруашылығы – 40,4 млн. теңгенің 1, көлік, жолдың жай-күйі мен жөндеуі – 912 млн. теңгенің 16, мәдениет – 30 млн. теңгенің 1 мәселесі).
2023 жылға арналған жоспарда 57,2 млрд. теңгенің 92 жобасын іске асыру көзделген, оның ішінде тұрғындар мәселелерін шешу аясындағы 846,5 млн. теңгенің 31 жобасы бар (ТҮКШ – 279,8 млн. теңгенің 14, жол-көлік инфрақұрылымы – 553,7 млн. теңгенің 16, жасанды құрылыстарды жөндеу және жол жағдайы – 13 млн. теңгенің 1 мәселесі).