Өскемен гарнизонында “Мен өмірді таңдаймын!” атты онкүндік өтуде
Өскемен гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен мекемелерде «Мен өмірді таңдаймын!» атты онкүндік басталды. Шараның мақсаты әскери және құқықтық тәртіпті нығайту, қол жұмсаушылықтың, жарақаттанудың, өлім-жітімнің және суицидтердің алдын алу, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталған онкүндік аясында, ағымдағы жылдың ақпан айының соңғы он күндігінде 27943 әскери бөлімінде жеке құраммен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға Әскери полиция бөлімі алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Дидар Ибраев, Шығыс-Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «ШҚО психикалық денсаулық орталығы» маман психиаторы Алтынай Турарова, Қазақстар Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Өскемен каласының әскери тергеу бөлімің қызметкерлері подполковник Азаат Мухаметкалиев және капитан Абзал Беккалиев қатысты.
Шара барысында психолог Алтынай Турарова қол жұмсаушылықтың, жарақаттанудың, өлім-жітімнің және суицидтердің қалай алдын алу және оның шешу жолдарын табу туралы әңгімелеп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.