KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2 м/с, З
518.57 566.59 6.05

Бір жылда азық-түлік тауарлары 24,0% қымбаттады – ШҚО

20.02.2023, 17:18 439 Ләззат Қанатқызы

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департамент басшысы Нұрланов Ерназ өңірдегі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларың бағасы туралы айтты.

ШҚО-да азық-түлік тауарлары 24,0%, азық-түлік емес тауарлары 20,5%, қызмет көрсетулер 13,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі облыс бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 120,1-%-ды құрады. 2022 жылғы желтоқсанда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 1,9%-ға артты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу