KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 3,1 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

ШҚО тұрғындары "қызғылт бұлтты" видеоға түсіріп алды

21.02.2023, 11:50 367 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары "қызғылт бұлтты" видеоға түсіріп алған. Бұл видеоға қатысты ШҚО экология департаменті өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, 19 ақпанда олар Алтай ауданы Октябрь ауылының маңында қызғылт бұлтты көрген. Тұрғындар дәл осындай құбылысты былтыр желтоқсанда да байқаған.

"Желтоқсанға орай тексеру жүргіздік. Тексеріс нәтижесі бойынша "қызғылт бұлттың" пайда болуына "Бұқтырма цемент компаниясы" ЖШС-нің саз карьеріндегі бұрғылау және жару жұмыстары себеп болғаны анықталды. Бұл жөнінде тағы мәселе туындаса, департамент қайта тексеруге дайын", - дейді ШҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив