Өскемен ауаның ластану деңгейі бойынша алтыншы орында тұр
фото: Тілеубек Шаяхметов
Өскемен ауаның ластану деңгейі бойынша еліміздегі қалалар арасында алтыншы орынға тоқтады.
Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің экология мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл рейтинг зиянды қалдықтардың ең максималды мәніне сәйкес жасалады. Ал өңірдегі қоршаған ортаны қорғау мамандары мұны дұрыс емес деп есептейді.
– Мәселен бір өңірде зиянды қылдықтар жылына бір рет қана шекті мөлшерден асуы мүмкін. Соның негізінде осындай ауқымды қорытынды жасау дұрыс емес, – дейді экология комитетінің басшысы Геннадий Корешков.
Экологтың айтуынша, ластану деңгейін атмосфераның тазалығын үнемі бақылау арқылы анықтау керек.