KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 1 м/с, ОБ
523.86 544.34 5.11

Өскеменнің шеткі аудандарына 911 млрд теңге жұмсалмақ

23.02.2023, 12:55 342 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде қаланың орталық бөлігін ғана емес, шеткі аудандар мен  ауылдарды дамыту да қолға алынған. Бұл ретте өзекті мәселелерді жергілікті тұрғындармен талқылауға маңызды рөл беріледі.

Өткен жылы мұндай кездесулер облыс орталығында бірнеше рет өткізілді. Оған депутаттар мен облыстық атқарушы билік органдары өкілдері де қатысқан болатын. Нәтижесінде Өскеменнің шеткері шағын аудандары мен қала шекарасына енетін ауылдарды дамытудың жалпы жоспары қалыптасып, көптеген сұрақтар шешімін тапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мысалы, былтыр «Рауан-Восход» бау-бақша қоғамын тұрақты электрмен жабдықтау бойынша қанатқақты жоба іске асты. Бұл 755 адам тұратын 151 үйге арналған 206 бау-бақша учаскесін электрмен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ахмер ауылында 1905 адам тұрып жатқан 635 үйді қамтитын электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы жалғасып жатыр.

«Светоч» бақша қоғамын электрлендіру басталды, жұмыстар биыл аяқталады. 1120 адам тұратын 412 үйге арналған 432 учаске электрмен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ  биыл Жаңа Ахмер ауылының маңындағы «Звездный» саяжай алабында да жұмыстар басталады. Онда 90 үй, яғни 468 адам электрмен қамтамасыз етіледі.

Өткен жылы Меновное және Ахмер ауылдарында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жолдар жөнделіп, сыртқы жарықтандыру құрылғыларына жөндеу жүргізілген болатын.

2023 жылы Меновное, Ново-Явленка, Ново-Троицкое, Самсоновка, Прудхоз ауылдарында, Жыланды кентінде, Бабкина мельница шағын ауданында көше шамдарын орнату көзделген.

Самсоновка ауылында футбол алаңын жабдықтау және балалар алаңын қоршау, жылы аялдама орнату және көпірдің жүру бөлігін жөндеу, Промбаза ауданында балалар алаңын орнату жоспарланған. Самсоновка және Прудхоз ауылдарында, Защита, Согра шағын аудандарында, 22-ші және 23-ші шағын аудандарда жалпы ұзындығы 5,7 шақырым болатын жолдарға орташа жөндеу жүргізілетін болады. Самсоновка ауылында, 21-ші және 27-ші тұрғын аудандарда жолдарға қиыршық тас төгілетін болады.

Промбаза, Защита шағын аудандарындағы, Красина кентіндегі тротуарларды жөндеу да алдағы жоспарда бар.

Осы мақсаттарға бюджетте барлығы 911 миллион теңге қаралған. Айта кетейік, қаланың шеткі аудандары мен ауылдарын абаттандыруға осындай қомақты қаржы алғаш рет бөлініп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу