Шығыста қанша мәдениет ошағы бар?
Шығыс Қазақстанда 169 клубтық мекеме, 170 кітапхана, 6 музей, 1 театр жұмыс істейді.
Соңғы үш жылда өңірде 4 жаңа мәдениет нысаны бой көтерді. Бұл мақсатқа 1 млрд 802 млн теңге жұмсалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов айтты.
Үш жылда салынған жаңа нысандар: Глубокое ауданының Глубокое ауылында Абай атындағы 300 орындық мәдениет үйі, Ұлан ауданының Бестерек ауылында облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы, Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылында 150 орындық мәдениет үйі, Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында 80 орындық ауылдық клуб.
Сонымен қатар, ескірген 6 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы облыста 169 клубтық мекеме, 170 кітапхана, 6 музей, 1 театр жұмыс істейді. Сондай-ақ аймақта 321 ескерткіш бар, оның ішінде республикалық маңызы бар ескерткіштер саны – 8, жергілікті маңызы бар – 313.