KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Зайсандағы Үйдене су қоймасы жаңартылады

3.03.2023, 17:47 820 Мадина Амангелдіқызы

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Зайсан ауданына барып, Үйдене су қоймасындағы жағдаймен егжей-тегжейлі танысты. Бұл түйткілді мәселелері көп нысан екенін атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда Үйдене суару жүйесінде «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының балансында тұрған көлемі 75 миллион текше метр су қоймасы және төрт магистральдық канал бар. Оларға қашықтығы 113 шақырым болатын 30 ішкі канал бекітілген және олар ауданның коммуналдық меншігінде тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы 30 арнаның жағдайы қазір қанағаттанарлықсыз деп бағалануда, оларды қалпына келтіру қажет. Бұл бағыттағы жұмыс 2016 жылы басталған, алайда 2019 жылы тоқтатылды, осының салдарынан мемлекеттік сараптама мерзімі бітіп қалған. Қазір жобаны қайта түзету қажет, ол үшін 2023 жылғы 17 қаңтарда қаржы министрлігіне жобалық-сметалық құжаттаманы түзетудің орындылығы мәселесін республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыну туралы өтінім жолданды.

Қазір шаруашылықішілік арналарды реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 75 миллион теңге мөлшерінде қаржы бөлу қажет.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров атап өткендей, Үйдене су қоймасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының балансында тұр және оны қайта жаңарту суармалы жерлердің көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.

– Біз өз тарапымыздан осы мәселені шешуге атсалысамыз, – деп атап өтті Әлібек Қуантыров. – Орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл арқылы Үйдене су қоймасын реконструкциялауды аяқтау жөніндегі жобаны қаржыландыруға жәрдем көрсетеміз, бұл болашақта  10,3 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы мақсатында толыққанды  пайдалануға мүмкіндік бермек.

Су қоймасын реконструкциялаудың нәтижесінде ауданның шаруа қожалықтары суармалы өсімдік шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік алады, егіс алқаптарын ұлғайтып қана қоймай, өсірілетін дақылдардың ассортиментін де кеңейтеді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов атап өткендей, Зайсанның табиғи-климаттық жағдайлары соя сияқты әлем бойынша сұранысқа ие өнімді өсіруге аса қолайлы, тек суару жүйесін жүргізу қажет.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу