KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Туризм: ШҚО-да қандай бағыттарға басымдық берілуде?

16.12.2022, 15:00 684 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанның тұрғындары да, қонақтары да аймақтың табиғи сұлулығы туралы жиі айтады. Шығыстың Бұқтырма су қоймасын, жұмбақ Белуха тауын, табиғи саябақтары мен қорықтарын, таңғажайып ландшафттарын алыс шет елдерде де айтып жүреді.

Өңірдің туризмді дамыту үшін зор әлеуеті бар. Сондықтан қазір Қазақстанның ТОП-50 туристік аймағына енген басым бағыттарға аса мән берілуде, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Олар: Бұқтырма су қоймасы, Катонқарағай ауданындағы ұлттық саябақ және облыстың бірнеше ауданында дамытуға болатын тау шаңғысы кластері.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Жаңа Бұқтырма кенті жағалаудың туристік орталығына айналатыны туралы айтқан болатын. Оның көшелері ойын-сауық орындарын, сауда мекемелерін ашу және тамақтану жүйесін дамыту арқылы өзгеріп, абаттандырылады, мәдени өмірі жақсарады. Кент пен  оның тұрғындарына ұзақ уақыт бойы жаңа тыныс жетіспеген еді. Жоспар жүзеге асырылғаннан кейін тұрғындар жаңа жұмыс орындарына, туристердің тұрақты ағынына, әдемі серуендеу аймақтарына, жүгіру және велосипед жолдарында спортпен шұғылдануға, балаларды заманауи ойын және спорт алаңдарына жіберуге мүмкіндік алады. Су қоймасының жағалауында муниципалдық қауіпсіз жағажай ашылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу