KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Зайсан ауданындағы Үйдене су қоймасы жаңартылуы мүмкін

6.03.2023, 12:17 324 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-ға арнайы жұмыс сапарымен ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров келді.

Ұлттық экономика министрі Зайсан ауданына барып, Үйдене су қоймасындағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш су қоймасы 5 жылдан бері апаттық жағдайда тұрған болатын.

- Мұнда шаруашылықішілік арналар қайта құруды талап етеді, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 75 миллион теңге қажет. Бұл суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға және ауданда өсірілетін дақылдардың, атап айтқанда сояның ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Әлібек Қуантыров өз тарапынан министрлік проблеманы шешуге қосылатынын және жобаны қаржыландыруға жәрдем көрсететінін атап өтті, - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу