Елімізде Ұлттық басылым күні пайда болады
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы мерекелер тізіміне өзгерістер мен толықтырулар әзірледі.
Қазақстанда 2 ақпан - Ұлттық басылым күні мерекесі болып бектілуі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның өкіміне байланысты жаңа мереке күні енгізілді.
- 28 маусым - бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні, 2021 жылдан бастап 1 қазан - радио қызметкерлері күні деп белгіленді. Бұл дәстүр БАҚ-тың маңызын көрсете отырып, осы саладағы қызметкерлерді ынталандыра түседі. Ұлттық басылымның алғаш шыққан күнін ұлықтау Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты елдерде дәстүрге айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор, - деп түсіндірме берілген қаулыға.
Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.
Оқи отырыңыз