«Мергендер батальоны» сайысы өтіп жатыр – ШҚО
ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінде «Мергендер батальоны» сайысы өтуде.
«Мергендер батальоны» жарысының негізгі мақсаты – Құрлық әскерлеріндегі үздік батальонды анықтау, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар, кенеттен тексерісте әскери бөлім жеке құрамының жауынгерлік әзірлікке қабілеттерін арттыру және әскери қызметшілерді жауапкершілікке үйрету, сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы шебер меңгеруге баулу болып табылады.
Құрлық әскерлерінде жалпы әскери және десанттық бөлімшелер арасында оқ ату машығын арттыру, штаттық қару мен қару-жарақтан оқ ату жаттығуларын (тапсырмаларын) орындау бойынша үздіктерді анықтау, тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы менгеру шеберліктері бағаланады.
Сондай-ақ, батальон жеке құрамы атыс жаттығуларынан бөлек топография, қаруды бөлшектеп шашу және қайта жинап құрау бойынша нормативтерді орындады.