KZ
Өскемен
-15°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

Наурызға орай «Мақта қыз» ертегісі ұсынылады – Өскемен

16.03.2023, 18:19 453 Оразай Жеңісұлы

Облыстық драма театрының ұжымы Наурыз мерекесіне орай балаларға базарлық дайындады.

Әртістер кішкентай көрермендер назарына заманауи «Мақта қыз» ертегісі ұсынады,

– Баршамызға таныс «Мақта қыз» ертегісінің желісімен сахналанған қойылым. Ертегі ата-әжесінің кішкентай еркесі Мақта қыздың ауылға келуінен басталады. Қала өміріне әбден үйренген ерке қызды ауыл тіршілігі қалай қабылдады? Сөйлей білетін жан-жануарлар өмір сүретін ауылдың құпиясы неде? Көпшіліктің «досына» айналған «смартфонның» әлеуметтік желіден басқа пайдасы бар ма? Осы және басқа да шытырман оқиғаға толы жас көрермендерге айтары мол ертегіні бірге тамашалайық! – деп мәлімдеді театрдың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ертегінің алдында Наурыз туралы көрініс қойылады!

Өтетін күндері: 17, 18, 23, 25, 26 наурыз сағат 12:00-де, 22 наурыз сағат 14:00-де. Билет бағасы – 1000 теңге.

Касса: 71-00-79, 8(776)871-00-79.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу