Олимпиада чемпионы таңдау жасады – Өскемен
Олимпиада чемпионы әрі жерлесіміз Ольга Рыпакова елімізде өтіп келе жатқан барлық сайлау мен референдумға қатысып, азаматтық ұстанымының айқын екенін танытып келеді.
Спортшы бүгінгі Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау науқанынан да қалыс қалмады,
Олимпиада чемпионы Өскемендегі №2 сайлау учаскесінде таңдау жасады.
– Меніңше, бұл еліміздің, яғни балаларымыздың болашағын айқындайтын маңызды саяси науқан. Сондықтан жауапкершілік таныту – менің парызым. Менің балаларым өз Отанында өмір сүріп, білім алып, табысты еңбек етуді жоспарлайды, – дейді Ольга Рыпакова.
Спортшы бюллетеньдердің көптігіне қарамастан, бәрі қарапайым және түсінікті болғанын атап өтті. Дауыс беру процесінде ешқандай қиындықтар туындамағанын жеткізді.
Ал учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ақгүл Жақышованың айтуынша, сайлаушылар таңнан бері белсенді, әсіресе олардың қатарында жастар басым.