KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Ерекше қажеттілігі бар жандардың жәрдемақысы өседі

2.04.2023, 13:04 391 Ләззат Қанатқызы

Елімізде қыркүйектен бастап бірнеше санат бойынша мемлекеттік жәрдемақы өседі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында үш санат бойынша жәрдемақыны өсіруді тапсырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда, Үкіметке аталған санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алу қажет, деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кету керек, бұған дейін Сенат қабылдаған Әлеуметтік кодекс жобасы аясында кейбір санаттағы азаматтардың жәрдемақысын 14,5%-ға көтеру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Олар:

  • мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар;
  • бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындар;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер адамдар;
  • ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу