KZ
Өскемен
-18°
переменная облачность жел 1 м/с, С
501.49 525.71 5.77

Асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы өседі – Президент

29.03.2023, 16:06 291 Ләззат Қанатқызы

Елімізде 1 қыркүйектен бастап асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысы 14,5% өседі.

Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған Президент Жарлығына сілтеме жасап.

- Асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда, Үкіметке аталған санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алу қажет. Қазақстан біздің аймақтағы осындай әлеуметтік жәрдем беретін жалғыз мемлекет деуге толық негіз бар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент әлеуметтік қолдаудың алдын ала және шын мәнінде мұқтаж жандарға көрсетілуіп, алайда кез келген көмек масылдыққа себеп болмауы керектігін атап көрсетті.

- Әсіресе, еңбекке жарамды жас азаматтар жәрдемақыға қол жаймауға тиіс. Денсаулығы мықты, күш-қуаты бар азаматтар үшін бұл – ұят нәрсе. Ал, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға айрықша көңіл бөлу керек. Осындай жұмысшыларға арнайы төлем төлеу мәселесін ойластырған жөн, - деді Мемлекет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу