Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылды
Фото: ашық дереккөз
Еліміздегі оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ата-аналардың бақылауында болатын балаларға арнап SIM карта енгізу идеясы туралы айтты.
Бала интернетке қосылған жағдайда ата-аналарының телефондарына хабарлама түсіп, автоматты түрде ата-анасынан рұқсат сұралады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бірақ әзірге бұл идея министрлік өзекті деп санайтын ұсыныс деңгейінде тұр.
Бұдан бұрын TikTok балалар мен жасөспірімдерге арналған қызметті пайдалану уақытын шектеуге шешім қабылдағаны белгілі болды. Алдағы апталарда 18 жасқа толмаған пайдаланушыға тиесілі әрбір есептік жазба үшін күніне 60 минуттық шектеу автоматты түрде орнатылмақ.