Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады?
көрнекі сурет
Ішкі істер министрлігі сатып алмас бұрын көліктің тарихын тексеріп алу керектігін ескертті.
Автокөлік тарихын енді онлайн-режимде көруге болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ІІМ іске қосқан «Автокөлік тарихы» қызметі көлік туралы толық ақпаратты алуға мүмкіндік береді:
– автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күні;
– бұрынғы иелерінің саны;
– кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғы және басқа да мәліметтер.
Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де бар. Сервис «102» және «Halyk Bank», «Bereke Bank», «CenterCredit», «ForteBank» мобильдік қосымшаларында және Aster.kz сайтында қолжетімді.
Алдағы уақытта ІІМ «Автокөлік тарихына» «бірыңғай сақтандыру деректер базасын» қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын тексеруге мүмкіндік береді.