KZ
Өскемен
-15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
523.86 544.34 5.11

Қазақтың құрақ көрпесі Гиннесс рекордтар кітабына енді

Фото: interrecord.ru

5.06.2023, 15:00 552 Оразай Жеңісұлы

Ту түстес қолөнер туындысын 250 шебер бір түсте, бір техникамен тіккен

Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігіліп, Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

«Бұл жобаны ұйымдастырудағы мақсатымыз – қазақтың құрағын әлемге паш ету, әлемге "қазақтың құрағы керек" деген ұғымды енгізу және халқымыздың ауызбіршілігін көрсету», – деді қолөнер шебері Нұргүл Абайханқызы.

Айта кетейік, "Аламан құрақ" жобасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Онда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі де өтті. Мақсат – қазақ қолөнерінің тарихын насихаттап, ұлттық құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу