Қазіргі Қазақстан екі жыл бұрынғы Қазақстаннан өзгеше – Тоқаев
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі
Қазіргі Қазақстан екі жыл бұрынғы Қазақстаннан өзгеше, деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында сөйлеген сөзінде.
"Өте қысқа уақыт ішінде біраз өзгеріске қол жеткіздік. Президенттің өкілеттілігін шектедік. Конституцияға өзгерістер енгізіп, саяси және экономикалық жүйені қайта қарадық. Қазіргі Қазақстан екі жыл бұрынғы Қазақстаннан өзгеше. Біз қазір жүйені реформалау жолындамыз. Ол әлі біткен жоқ", – деді Президент.
Айта кетейік, елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. Әлемнің үздік сарапшылары жаһандық мәселелердің шешімін табу үшін бас қосты. Форумның басты тақырыбы – "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында".