KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Астана халықаралық форумы басталды

Сурет: qazexpocongress.kz

8.06.2023, 11:15 303 Оразай Жеңісұлы

Астанадағы Конгресс орталықта халықаралық форум жұмысы басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Халықаралық форумның жалпы отырысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі. Сонымен қатар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды делегаттарының диалогіне арналған алаң болмақ.

«Бүгінде біз бүкіл әлем бойынша тарихи сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырмыз. Мұндай жағдайды ондаған немесе одан да көп жыл бойы бастан өткермедік. Бұл сын-қатерлер халықаралық қауымдастыққа бұрын-соңды болмаған ауыртпалық әкеліп, жаңа бөлінушілік тудырып, жаһандану мен мультилатерализм қағидаттарына қарсы келіп жатыр. Астана халықаралық форумы әлемдік жүйенің негізгі постулаты ретінде ынтымақтастыққа басымдық бере отырып, осы сын-қатерлерге төтеп беру үшін құрылды. Жаңа дипломатиялық, экономикалық және саяси жолдарды айқындай отырып, алдымызда тұрған ортақ сын-қатерлерді бірлесе жеңу үшін жаңа қатынас көпірлерін орнатып, байланыстарды нығайтамыз деп үміттенеміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында» атты форум жұмысына 40-тан астам елден 400-ге жуық делегат қатысып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу