KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Самарда құтқарушылар бекеті өз жұмысын бастады

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

18.06.2023, 10:12 208 Ләззат Қанатқызы

Самар құмды жағалауында құтқарушылар бекеті өз жұмысын бастады.

Самар ауданындағы "Алтын құм" аталып кеткен  жағалауда құтқарушылар бекеті іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әр апта сайын мұнда 4 сүңгуір және 3 өрт сөндіруші келіп, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет етеді.

Басты міндеттері - судағы жазатайым оқиғаларға және көл жағалауында орналасқан нысандарда өрттің болуына жол бермеу.

  Жыл сайын жазғы мерзімде ШҚО ТЖД құтқарушылары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді. Құтқарушылар қайықтармен су бетінде бақылау жасайды, ал өрт сөндірушілер 110 шақырымға созылған жағалаудағы демалушылар мен нысан иелерімен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына мониторинг жолымен бақылау жасайды. Сонымен қатар азаматтарға жаднамалар тарата отырып, оқыту және нұсқама өткізеді, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар бекеті жұмысқа қажетті құтқару құралдарымен, сүңгуірлік костюммен, жүзу құралдарымен және басқа құралдармен, өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталған.

  Суға шомылу маусымы басталмас бұрын ТЖ қызметкерлері жеке демалыс аймақтары иелеріне өз демалыс аумақтарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы нұсқаулық хаттар тапсырған болатын. Су айдындарының түбін тексеру жүргізілді, дейді департамент мамандары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу