KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Cантехник, электрик, дәнекерлеушілердің жалақысы өседі

Фото: remontposobie.ru

12.07.2023, 15:03 188 Ләззат Қанатқызы

Коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 22-бабына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бірінші кезекте, коммуналдық сала қызметкерлерінің, яғни сантехник, электрик, дәнекерлеушілердің жалақысы 50%-тен 100%-ке дейін көтерілетін болды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

– Осылайша, орташа жалақы сала мен өңірге байланысты 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін өседі. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 200 мыңға жуық жұмысшыға әсер етеді. Екінші өзгеріс – иесіз желілерді кезең-кезеңімен беру. Осылайша, 25 мың шақырымнан астам коммуналдық желі сенімгерлік басқаруға және коммуналдық меншікке берілуі тиіс, – деді Ә.Қуантыров Үкімет отырысында.

Қабылданған түзетулер коммуналдық кәсіпорындардың иесіз желілерді ұстауға және пайдалануға жұмсаған шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың қамтылуын арттыруға және көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Жоғарыда атап өтілгендей, жүргізіліп жатқан тарифтік реформа тариф құрудың бүкіл процесінің ашықтығы, есептілігі және жариялылығы қағидаттарына негізделеді. Тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануды бақылау жұртшылық пен техникалық сарапшыларды тарта отырып қамтамасыз етіледі. Тұтынушының құқығы бұзылған жағдайда оған уақытша өтемдік тарифтер енгізілетін болады. Ал табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапқа тартылады. Осылайша, коммуналдық төлемдер негізсіз көтерілген жағдайда қаражат тұтынушыларға кейінгі шоттардағы қайта есептеу арқылы қайтарылады, – деп түсіндірді спикер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу