KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жылу энергиясы қаншалықты қымбаттайды?

Сурет: iagorod.kz

30.06.2023, 14:43 410 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров коммуналдық қызмет тарифін көтеруге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Тиісті есеп-қисапты жүргізу үшін орташа есеппен 60-70 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтердің шығынын назарға аламыз. Өңірлерде орташа чек айына 2-4 мың теңгеге өседі. Яғни өңірге байланысты айырмашылық болады. Жалпы, жылу энергиясын үнемдеу қадамдарын ынталандырамыз.

Жылу бойынша норматив 21 градус шамасында. Тұрғындар қыста 23-25 градусқа үйреніп қалған және оны тиісті нормаға түсіргенде, халық шағымдана бастайды. Атап айтқанда, қыста терезені немесе балконды ашу арқылы температураны реттеудің қажеті жоқ», – деді Ә.Қуантыров Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу