ШҚО-да 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

egemen.kz
Синоптиктер өңірде апта соңына қарай ауа температурасының рекордтық деңгейге көтерілуін болжап отыр.
ШҚО-да 13-15 шілде аралығында 45 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ республика бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
– Күндіз өңірдегі ауа температурасы кей жерлерде 42-45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, ал түнде 19-21 градус болады, – деп хабарлады "Қазгидромет"РМК.
Облыс орталығында да жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Құтқарушылар аймақ тұрғындарына ыстықта қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауға және мүмкіндігінше бас киімсіз далаға шықпауға кеңес береді.
Оқи отырыңыз