KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Орманға баруға болмайды – қаулы

Фото: twitter.com

13.07.2023, 10:45 291 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі (IV деңгей) күшейді.

Сол себепті тұрғындардың орманға баруына тыйым салынды, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

«Облыс аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШҚО әкімінің 2020 жылғы «ШҚО мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өрт қаупі жоғары кезеңде болуына тыйым салу туралы» қаулысы қолданылады», - деп хабарлады «Өскемен орман шаруашылығы» КММ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 13-14 шілде күндері өңірде аптап ыстық болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу