KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Зайсан ауданы: Жол мәселесі жолға қойыла ма?

21.07.2023, 10:35 346 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Зайсан жұртшылығы облыс әкімімен жүздесіп, бірқатар мәселе көтерді.

Аудан тұрғындарының «бас ауруына» айналған тағы бір жайт – жол мәселесі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір Зайсанды басып өтетін республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай тасжолы жөнделіп жатыр. Алайда айналма жолдың машақатын көрген жергілікті халықтың жөндеу жұмыстарына қатысты да уәжі бар.

– Алдағы күндері жол мәселесі бойынша үлкен жиын өткізуді жоспарлап отырмын. Сол жерде жол құрылысына қатысты барлық мердігерлерді жинап, мәселені жеткіземін. Негізі, жол құрылысына биыл қаражат бөлінген. Соның қалай жаратылғанын анықтау үшін тексеріс жүргіземін. Ал жергілікті жолдар бойынша алдын ала аудан әкімі жоспар дайындап, бізге ұсынуы керек. Ол жоспарға енсе, міндетті түрде жөнделетін болады. Бұл жолдардың маңызы ел үшін өте жоғары, себебі Қытай мен Ресей арасын жалғайтын ең қысқа маршрут. Бұл жол арқылы сауда-саттық қатынасын дамытуға зор мүмкіндік бар, – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу