KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

Қор нарығында доллар сәл арзандады

Фото: kapital.kz

25.07.2023, 15:50 143 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,24 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445,06 теңге болды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы 1 доллар үшін 445,24 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441,7 теңгеден болса, сатып алу – 445,7 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,85 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,86 – 4,96 теңгеден сатылымда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу