KZ
Өскемен
-18°
пасмурно жел 3 м/с, З
520.91 544.25 5.29

Қор нарығында доллар 2,76 теңгеге арзандады

Сурет: kapital.kz

5.07.2023, 16:42 295 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан қор биржасы (KASE) доллар бағамы төмендеді деп хабарлады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,76 теңгеге төмендеп, 1 доллар – 443,84 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444 теңгеден болса, сатып алу – 448 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,95 – 5,10 теңге аралығында саудаланып жатыр, ал Астанада көрші ел валютасы 4,90 - 5,08 теңге аралығында сатылымда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу