KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 4 әкімдік қызметкеріне айыппұл салынды

Фото: inbusiness.kz

12.08.2023, 16:26 202 Оразай Жеңісұлы

Тарбағатай, Самар, Шемонаиха аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

"2023 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК 680-бабы бойынша аудандар әкімдіктерінің дербес бөлімдерінің төрт басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы - 1 035 000 теңге", - деп хабарлады ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен.

Өткен жылы 20-дан астам мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 14-і кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін жазаланды. Жалпы, олардан 6 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Сондай-ақ үш мемлекеттік қызметшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі). Мемлекет кірісіне 918 900 теңге өндірілді. 

 ШҚО қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің тағы алты басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша айыппұл салынды (іс жүзінде адамды лауазымға тағайындау, активтер мен міндеттемелер туралы декларациясыз). Өткен жылы айыппұлдардың жалпы сомасы 7,84 млн теңге болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу