KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

«Шығыс ақпарат» медиахолдингінің жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

16.08.2023, 12:10 211

«Шығыс ақпарат» медиахолдингінің басқарма төрағасы болып Арсений Дүйсенов тағайындалды.

«Шығыс ақпарат» медиахолдингінің құрамына облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттері, www.altaynews.kz сайты, 5 аудандық газет, өңірлік коммуникациялар қызметі мен баспахана кіреді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Арсений Кеңесұлы 1971 жылы дүниеге келген. 1992 жылы медиа саласындағы қызметін теледидардан бастаған ол әр жылдары «Қазақстан» РТРК, «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі, «Respublika.kz» газетінің бас редакторы болды.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы, дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі және түрлі өңірлердегі БАҚ, бизнес және коммуналдық шаруашылық саласындағы бірқатар ірі кәсіпорындарды басқарған. 2009-2014 жылдары «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының директоры болып еңбек етті.

Халықаралық телерадио академиясының академигі, Қазақстан бас редакторлар клубының мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив