KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
515.03 584.82 6.24

Шемонаиха ауданында су тасқынына дайындық басталды

17.08.2023, 15:03 753 Ләззат Қанатқызы

Шемонаиха ауданында облыстық инженерлік жұмыс жоспарын орындау аясында су тасқынын алдын алу шаралары басталды.

Көктемде елді мекендерді су басудың негізгі себебі егістіктерден еріген және жаңбыр суларының күрт ағуы болып табылады. Бұл ретте су тасқынына қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізу арқылы төтенше жағдай туындау қаупін азайтуға болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдармен Шемонаиха ауданы Убинка ауылындағы Украинская, Гагарин және Болашақ көшелеріндегі тегістеу бойынша жұмыстар толығымен аяқталды. Бұл су тасқыны қауіпті учаскеде көлбеу болып, жаңбыр суының ағындары жыл сайын жолдар мен ландшафттарды шайып кететін. Орындалған іс-шаралар осындай жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Шемонаиха ауданында тасқын су және еріген сулардан потенциалдық су басу қаупі күтілетін 5 елді мекен бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу