KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

Елден кеткендер саны 56% азайды – статистика

Фото: liter.kz

22.08.2023, 18:02 239 Оразай Жеңісұлы

2018 жылмен салыстырсақ, көрсеткіштер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Сол кезде шетелден 12,7 мың адам келсе, сыртқа 41,8 мың адам кеткен. Осы ретте көші-қон сальдосы – 29,1 мың адамнан 6,7 мыңға дейін азайған, деп хабарлады ҚР Ұлттық статистика бюросы.

"2023 жылғы қаңтар-маусымда былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда елде тұруға ықтиярхат алғандар саны 13 652 адамды құрап, Қазақстанға келгендердің саны 87,3 пайыз өсті. Бірінші жартыжылдықта елден кеткендер саны 6 996 адам болса, өткен жылдың алты айымен салыстырғанда ол 56,7% азайған. Нәтижесінде көші-қон сальдосы оң нәтиже көрсетті: 6 656 адам", – деп жазылған Telegram-арнада.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында болған. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 89,1% болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 75,4% құрады. ТМД елдерінен тұрақты тұруға көшкен 12,1 мың адамның ішінде Ресейден 6858 адам келген. Екінші орында Өзбекстан (3200), үшінші орында Түрікменстан (671). Ал кеткендердің көпшілігі – Ресейге барғандар (4981).

Биыл басқа елдерден 1,4 мың адам келсе, 1,7 мың адам шетелге кеткен. Мұнда негізінен Моңғолиядан (275), Қытайдан (265) және Түркиядан (163) көшіп келгендер. Ұлттар бөлінісінде: қаңтар-маусым айларында елімізге қазақтар (4706) ең көп қоныс аударған, одан кейін орыстар (4622), өзбектер (593), қарақалпақтар (498) және украиндар (452). Ал сыртқа көшіп кеткен ұлттардың ішінде ең көбі – орыстар (4249), немістер (924), қазақтар (516), украиндар (456) және татарлар (168).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив