KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да төрт мектеп салынып жатыр

Фото: «AMANAT» партиясы ШҚОФ баспасөз қызметі

25.08.2023, 14:43 255 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында дәл қазір төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Әзекенов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«2027 жылға дейін 6,8 мың оқушыға арналған 17 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде Өскемен қаласында 600 орындық, Зайсан қаласында 300 орындық, Шемонаиха қаласында 300 орындық және Шеңгелді ауылында 100 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр»,  деді облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Тұрарбек Әзекенов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өскеменде «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру конференциясы өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив