KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

Құтқарушылар алғашқы қоңырауға қатысты – ШҚО

1.09.2023, 15:33 183 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ТЖД мамандары алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды құттықтады.

Шара соңында бүлдіршіндер құтқарушылардың ұсынысымен қауіпсіздік эстафетасынан өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Яғни, кедергілерден өту арқылы мектеп ғимаратына жетіп, ТЖ кезінде өзін-өзі ұстау дағдыларын дамытты.

 

  "Балалар өрт кезінде және ғимараттың жоғарғы қабаттарынан өрт сөндіру машинасының баспалдақтарымен эвакуациялауды, «Баршаның назарына!» сигналы бойынша жер сілкінісі болған жағдайда сыныптарда қауіпсіз орындарды паналауды үйренді. Артынша ШҚ орталығының Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері балаларға зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуді көрсетті",  дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Эстафета барысында балаларға ең ұнаған сәт – құтқарушы иттермен, кинологиялық қызметпен танысу барысы болды.

Іс-шара соңында балалар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері мен құтқарушылардың құралдарын тамашалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив