ШҚО-да қираған ескерткіштің маңына жазу жазып кеткен адам іздестірілуде
Алтай ауданында қираған Ленин ескерткішінің қоршауына әлдебіреу «Ленинді қайтарыңдар!» деп қызыл бояумен жазу жазып кеткен.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері вандалдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Қазір жазу жазып кеткен адамның жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық үшін, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, жеке тұлғаларды қорлап қорлағаны, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлағаны және басқаларды құрметтемеуді білдіретін басқа да осындай әрекеттер үшін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын адамдар) бойынша әкімшілік іс қозғалды", – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған бап санкциясы 20 АЕК мөлшерінде (69 мың теңге) айыппұл төлеп немесе бестен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын көздейді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында әлеуметтік желіде Алтай қаласындағы Ленин ескерткішінің қираған видеосы пайда болған еді.
Оқи отырыңыз