Балағат сөз айтқаны үшін жазаланды – ШҚО
Қоғамдық орында балағат сөз айтқан Шемонаиха ауданының тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды.
Тұрғын ауруханада ұзақ уақыт кезек күткеніне наразылық білдірген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Әкімшілік іс Шемонаиха аудандық сотында қаралған.
"Аяғын жарақаттап алған әйел адам Шемонаиха аудандық ауруханасына жүгінген. Қабылдау бөлмесіне келгеннен кейін ол өзге де науқастармен бірге кезек күтіп отырды. Алайда біраз уақыттан соң қоғамдық орында балағат сөз айтып, наразылығын білдіре бастайды", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аурухана қызметкерлері әйел адамды тыныштандыру үшін полиция қызметкерлеріне хабарласуға мәжбүр болған көрінеді.
Артынша, белгілі болғандай, тұрғын жыл басынан бері бейәдеп сөз айтқаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған. Бұл жолы Шемонаиха аудандық соты әйел адамға үш күндік әкімшілік қамауға алу туралы жаза тағайындады.
Оқи отырыңыз