ШҚО-да тасқынның алдын алу жұмыстары басталып кетті

Фото: gov.kz
Су тасқыны қаупі бар кезеңде төтенше жағдай туындау қаупін азайту үшін мамандар алдын алу шараларына кірісіп кетті.
Мәселен, Самар ауданында жергілікті атқарушы органдар ауданның инженерлік жұмыс жоспары шеңберінде Миролюбовка ауылындағы Топқайың-Асламов көшелерінің қиылысында су өткізгіш құбырын тазартты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, қар еріген кезде тасқын суды бөгетсіз өткізу үшін құбырлардың тазартылуы өте маңызды.
"Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылында да ағымдағы жылдың жазғы-күзгі кезеңіне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары шеңберінде су өткізу құбырлары тазартылып, Козлиха өзенінің сағасы тереңдетілді", - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, өзен сағаларын тереңдету, құбырларды тазарту жұмыстары биыл су тасқыны қаупі бар 20-дан астам елді мекенде жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз