KZ
Өскемен
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
494.84 537.4 5.58

Өскеменде эко-сенбілік өтеді

көрнекілік сурет

6.10.2023, 10:22 285 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында эко-сенбілік өтеді. Іс-шараға қатысамын деушілер ыңғайлы жұмыс киіммен келуі тиіс, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ қажет болған жағдайда бас киім, антисептик, дымқыл сулық, су ала келуге болады. Ал ұйымдастырушылар құрал-жабдықпен қамтамасыз етеді.

Іс-шараны Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» «Байтақ» партиясымен бірлесіп ұйымдастыратынын айта кетейік.

Эко-сенбілік 7 қазан күні сағат 10:00-де Амфитеатр жанында басталады. Қосымша сұрақ болса мына нөмерлерге хабарласуға болады: 25-01-90, 8-747-202-13-26.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу