ШҚО-да 4 мыңнан астам жер үйдің пешінен ақау шықты
Қазір өңірде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның аясында құтқарушылар жер үйлерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде.
Жалпы 9 мыңға жуық үй қамтылып, нәтижесінде, пешті талапқа сай пайдаланбауға қатысты 4000-нан астам бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Пештерді дайындаудан бөлек, үшін улы газды анықтайтын датчик орнатқан жөн. Бұл газ тарағаны жайлы үй иелеріне уақтылы ескертеді. ШҚО ТЖД қызметкерлері жыл сайын көпбалалы отбасылардың, жалғызбасты зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған жанұялардың үйлеріне тегін орнатады, - дейді ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Соңғы 4 жылда датчиктер 37 адамды, оның ішінде 28 баланы құтқарып қалған.
Оқи отырыңыз