ШҚО-да «ZHAS PROJECT» конкурсына өтінім қабылдау басталды

Фото: shymkentaqparat.kz
ШҚО-да «ZHAS PROJECT» жобасы бастау алды. Жоба аясында қазақстандық жастар гранттық конкурсқа қатысуға өтінім бере алады, гранттың ең жоғары сомасы 1 000 000 теңгені құрайды.
"ШҚО Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Аяужан Әшімова аталмыш жобаға қатысу үшін қойылатын талаптар мен тәртібін толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Айта кету керек, шағын гранттардың жалпы сомасы 28 млн. теңгені құрайды. ШҚО бойыша 14 жеңімпаз анықталып, 1 млн. теңгеге дейінгі сомаға грант алады. Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы кез келген тұрғын қатыса алады. Алайда, оларға да қойылатын өзіндік талаптар бар. Атап айтсақ, өтініш беруші ҚР азаматы болуы және Жетісу немесе ШҚО аумағында өтінім берілген сәтте тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы тиіс.
Сондай-ақ жастардың осал топтарынан өтінім берушілерге ерекше басымдық берілетінін де айта кету керек.
Жастарға ғана емес, әлеуметтік жобаларға да төмендегідей талаптар қойылады:
- жобаны іске асыру барысында ақылы қызмет көрсетуді көздейтін коммерциялық қызмет;
- ұсақ жөндеу, құрылыс жұмыстарының қандай да бір түрлерін немесе ғимараттарды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды көздейтін жобалар;
- жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін тауарларды сатып алуды көздейтін жобаларға;
- діни ұйымдарға қызмет көрсету жөніндегі жобалар;
- қоршаған ортаға теріс әсері бар жобалар;
- жер учаскелерін, тұрғын үй, автокөлік сатып алуда көздейтін жобалар;
- ғылыми зерттеулер жүргізу, әзірлеу;
- мақсаты ақшалар сыйлықтар тапсыруды көздейтін жобалар;
- қайырымдылық көмекті көздейтін жобалар;
- жыныс, нәсіл, діни сенім, жас белгісі бойынша кемсітушілікке әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыратын жобалар қаралмайды.
Байқауға өтінім қабылдау 22 қазанға дейін жалғаспақ.
Өтінім қабылдау кезінде қандай да бір ақпараттық ресурстың жұмысында ақаулар туындап, оны шешу мүмкін болмаған жағдайда, өтінімді электронды пошта арқылы жіберуге болады.