Букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына тыйым салынуы мүмкін
Фото: bugin.kz
ҚР Вице-премьер-министрі Тамара Дүйсенова үкімет букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына тыйым салынуы мүмкін екенін айтты.
Ол интернетте де, көшеде де букмекерлік кеңселерге арналған жарнаманың мол екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
- Егер сіз телефонды ашсаңыз немесе көшеге шықсаңыз барлық жерде 1xBet, Olimpbet секілді букмекерлік кеңселердің жарнамасын көресіз. Халықаралық тәжірибеде 50 метрге дейін болуы керек. Бұдан әрі сыртқы жарнамалар болмауы тиіс. Осыған байланысты қазір депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, сыртқы жарнамаға тыйым салуды көздеп отырмыз. Букмекерлік ұйымдарды олардың кеңселерінде, спорттық телеарналарда, спорт ғимараттарында және спортшылардың жабдықтарында жарнамалау мәселесі шешіледі. Осылайша жарнаманың төрт түрі қалады. Бұл халықаралық тәжірибе, -деді Тамара Дүйсенова.
Сондай-ақ елімізде құмар ойындарға тәуелділерге несие беру күшейетіні белгілі болды.
Оқи отырыңыз