Өскеменде Республика күні қарсаңында хоккей матчы өтеді

Өскемендік «Torpedo» өз алаңында қызылжарлық «Құлагермен» күш сынасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мерейлі мерекеге орайластырылған Қазақстан чемпионатының кезекті турындағы тартысты матч 22 қазан күні сағат 17:00-де Б.Александров атындағы спорт сарайында болады. Бұл күні Republic day гимнінін хоккей жанкүйерлері түгел қосылып шырқайды. Сондай-ақ көпшілікті қызықты ойынмен бірге түрлі байқаулар, ойын-сауықтар және бағалы сыйлықтар (хоккейшілердің қолтаңбасы бар жейделер, шайбалар, қалпақтар) күтеді.
Өскемендік команда дәл қазір үздік үштікті түйіндеп тұр. Бірінші сатыда – Хумо, екіншіде – Арлан. Төртінші орындағы «Номад Астана» мен «Torpedo» арасын бір-ақ ұпай бөліп тұрғанын айта кетейік.
Кіру тегін.