KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Антирекордқа жақын. «Торпедо» жанкүйерлерін тағы ренжітті

9.12.2019, 10:46 186

«Торпедо» жанкүйерлерін тағы ренжітті. Бұл жолы жерлестеріміз өз айдынында қазандық «Барстан» жеңіліп қалды. Есеп 2:5.
Осылайша өскемендік команда қатарынан бесінші ойында жеңілістің кермек дәмін татты. Қазір Алексей Ждахин шәкірттері турнир кестесінің 11-ші орында тұр. 32 ойыннан кейін «Торпедо» қоржынында 33 ұпай.

«Барспен» өткен ойынға келер болсақ, матчтағы алғашқы шайбаны Сафоновтың көмегімен қонақтар соқты. Көп ұзамай қазандықтар есепті еселеді. Нәтижелі соққы Емецтің еншісінде.

Бұған торпедолықтар шабуылшылар Евгений Рымарев пен Дмитрий Гренцтің шайбаларымен жауап берді. Есеп 2:2. Өкінішке қарай, бұл өскемендік хоккейшілер соққан соңғы шайбалар еді. Қалған уақытта тек «Барс» ойыншылары (Марушев, Михеев, Абросимов) ғана көзге түсті. Қорытынды есеп 2:5.

Еске салайық, ЖХЛ-дың 2018-2019 жылдарғы тұрақты чемпионатында өскемендік команда қатарынан сегіз ойында жеңіліс тапқан болатын. Алайда, ол ойының барлығы да қонақта өткен еді. Ал бұл жолғы бес жеңілістің үшеуі өз айдынында тіркелді.

Бүгін торпедолықтар Өскемендегі ойындар сериясының соңғы мачтын өткізеді. Аталған кездесуде жерлестеріміз тағы бір «Торпедо», дәлірек айтсақ, «Торпедо-Горькиймен» (Төменгі Новгород) шеберлік байқаспақ. Б.Александров атындағы спорт сарайында өтетін бұл ойын кешкі сағат 18:30-да басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив