KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Республика күні барлық өңірде жедел штаб жұмыс істейді – ІІМ

Фото: stan.kz

23.10.2023, 13:01 247 Ләззат Қанатқызы

Республика күні мерекесі қарсаңында еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі  Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

- Республика күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылдануда. 24-26 қазан аралығында жеке құрамның қызметі күшейтілген режимге ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар өтетін орындар белгіленді, - деді ол.

Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бақылау күштері мен құралдар дайындалмақ.

- Мереке күні қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Адамдар көп жиналатын және демалатын орындарда полиция жасақтары болады. Сонымен қатар адамдар жиі шоғырланатын орындар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары мен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторинг үшін жедел штаб жұмыс атқарады. Штабтар барлық өңірде ашылады, - дейді Айдын Оразбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу