Түлектер кешінде камера мен 300 полиция тәртіпті бақылайды
Фото: pexels.com
ШҚО-да мектеп бітіру кештерінде 300 полиция мен ЖБО камералары құқықтық тәртіпті бақылайды.
Облыста осы аптада екі мыңнан астам оқушы үшін мектеп бітіру кеші ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін іс-шаралар өткізу барысында полиция күштері нарядтарының тығыздығы ұлғайтылды. Олардың маршруттары кеш өткізілетін орындарға барынша жақын болады. Қалаларда ЖБО бейнебақылау камералары іске қосылған.
"Тек 20 маусымда облыста 100 мектеп бітіру кеші өтті, оның барысында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ. Шығыс Қазақстан полиция департаменті ұстаздарға, ата-аналарға және кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдеріне қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету полицияның тұрақты бақылауында", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз