KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
488.91 532.62 5

ШҚО-да гидроэнергетикалық нысандар жаңартылады

23.10.2023, 12:38 163 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстанда облысында қолданыстағы су электр станциялары жаңартылады. Оған қоса, жаңа СЭС салу жөніндегі жобалар да жүзеге аспақ.

Республика көлеміндегі су қорының қырық пайызы – Шығыста. Сондықтан мамандар дәл осы жер жаңартылатын энергетиканың қайнар көзі болады деп отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Биыл 1 шілдеден бастап СЭС-тен электр энергиясын сатып алудағы шекті аукциондық баға 2,5 есеге ұлғайды. Сондай-ақ энергия жүйесіндегі маневрлік қуатты арттыру үшін өңір әкімдігіне нысандардың меншік иелерімен бірлесіп жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту және жаңа нысандар салу жөнінде тапсырма берілді.

2028 жылға қарай Бұқтырма СЭС-інің гидроагрегаттарын жаңғырту үшін қаржы бөлінуі қажет. Ал 2027 жылға қарай Өскемен СЭС-інің төртінші гидроагрегаты толық ауыстырылады.

Облыс басшылығының пікірінше, жергілікті тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтып, желілердегі шығынды азайту үшін Алтай ауданында «Тұрғысын-1» секілді шағын су электр станцияларын салу қажет. Тұрғысын өзеніндегі СЭС каскады ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізіміне кіретінін айта кетейік.

Ал 2027 жылдың соңына қарай 1,4 МВт қуаты бар «Еуропа Солар» ЖШС шағын СЭС-і пайдаға беріледі деп жоспарланған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив