Шахтерлер 55 жаста зейнетке шығуы мүмкін
сурет ашық дереккөзден алынды
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап кеншілер 55 жастан зейнетке шығуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Қазір құжат мәжіліс депутаттарының қарауында.
"Қазір бұл заң жобасын мәжіліс депутаттары пысықтап жатыр. Егер құжат қолдау тапса, онда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, 55 жасқа толған кеншілер мен сол салада жеті жыл жұмыс өтілі бар азаматтар зейнетке шығады", - деді Тамара Дүйсенова.
Оқи отырыңыз