KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.38 531.63 5.27

Қызылша жұқтырғандардың тоқсан пайызға жуығы екпе алмаған

3.11.2023, 20:20 137 Оразай Жеңісұлы

Елімізде қызылша өрши бастады. Он мыңнан астам адам ауру жұқтырған. Сондықтан қазір жаппай иммундау жүріп жатыр. Дегенмен Шығыс Қазақстанда жағдай тұрақты деуге болады. Жыл басынан бері небары 56 науқас дәрігер көмегіне жүгінді. Бұл жауапты мамандардың дер кезінде жүйелі қызмет көрсеткенінің нәтижесі.

Дәрігерлердің айтуынша, аурудың таралуына ұжымдық иммунитет ғана тосқауыл бола алады. Елдің медициналық себептерді алға тартып екпеден қашуы және пандемия кезінде қызылша вакцинасының тоқтап қалуы аурудың өршуіне алып келді деп есептейді мамандар.

– 10 мың адам қызылша жұқтырған болса, соның 87 пайызы – профилактикалық екпе алмағандар. Бұл вакцинаның қаншалықты маңызды екенін көрсетеді, – дейді өңірдің штаттан тыс бас иммунологы Иван Мещеряков.

Маманның айтуынша, көбінесе екпе алмаған медицина, білім және сауда саласындағы адамдар, басқа жақтан қоныс аударғандар мен еңбек мигранттары жиі қызылша жұқтырады.

Осылайша, еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен қосымша жаппай иммундау науқаны басталды.

– Бірінші алты айдан бір жылға дейінгі балалар екпе алады. Бұл нөлдік екпе деп саналады. Яғни бірінші екпеге дайындық. Бұл сәбилердің анасынан иммунитет алуы үшін жасалады, – дейді эпидемиолог-иммунолог дәрігер.

Бұл санаттағы балаларды иммундау 6 қарашада басталады. Қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакциналардың қолда бары қолданылады.

Қосымша жаппай иммундау кезеңінде екпе алған 6-11 айлық сәбилер 12-15 айында, Үкіметтің қаулысына сәйкес, қызылшаға қарсы жоспарлы профилактикалық екпе алады. Сонымен қатар 2-4 жас аралығындағы балалар 5 желтоқсанда, вакцина келіп түскен уақытта, бірден жаппай екпе алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив