KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Аудан әкімдерін сайлау: ШҚО-да дауыс беру аяқталды

5.11.2023, 20:00 377 Назерке Каримова

Бүгін Қазақстанның үш қаласы мен 45 ауданында пилоттық режимде дауыс беру өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында екі ауданда - Глубокое және Алтай ауданында сайлау өтті. Таңертеңгі сағат 7-ден кешкі 20.00-ге дейін тұрғындар кандидаттарға дауыстарын беріп, өз таңдауын жасады. 

Келгендердің арасында бірінші рет дауыс берген жастар, көп балалы отбасылар, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер және өз қалалары мен өңірлерінің болашағына бей-жай қарамағандардың барлығы болды. Дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыстарды санау кезеңі басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу